Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 06 Сәуір, 2018
Астананың мерекесі – елдің қуанышы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын одан әрі дамытуға арналған мәжіліске қатысты. Жиында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар беріп, елорданың 20 жылдық мерейтойына тыңғылықты дайындалу қажет екенін ескертті.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2018
Астанада сәулетшілер мен дизайнерлер сайысына арналған баспасөз конференциясы өтті
Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының 20 жылдығына орай 9 тұрғын үй кешенінің келбетін дамытуға арналған сәулетшілер мен дизайнерлер сайысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған мамандар Астана мен Алматы қалаларындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула кеңістігін жетілдіріп, сәулет ансамблінің дамуына өз үлесін қосуға ынталандыратын BI Art Debut байқауына қатысуға шақырылады.
«Көшбасшы әйелдер қоры» республикалық конференция ұйымдастырды
Жас ұрпақтың болашақта тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы ең алдымен отбасылық тәрбиеден бастау алатынын әр ата-ана қаперінде ұстауы керек. Зерттеу бойынша жасөспірімдер арасындағы өз өміріне қол салу жағдайлары көбіне-көп отбасылық кикілжіңнен соң орын алатыны анықталған. Бұл туралы Алматыда USAID және Орталық Азия Еуразиялық қорының қолдауымен «Көшбасшы әйелдер қоры» ұйымдастырған «Отбасы – бала амандығының факторы ретінде» деп аталған республикалық конференцияда кеңінен айтылды.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2018
Күн энергиясы терезеңізден күліп тұр
Журналистік іссапармен әлемнің бірқатар мемлекеттерінде болдық. Біз жасыл энергия деп таңдай қағып, таңданып жүрген кереметтер ол елдерде әлдеқашан қолданысқа түскен.
Бизнес • 05 Сәуір, 2018
Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі жоғары
Елімізде Үкімет тарапынан «үшінші сектордың» бастамаларын қолдауға айтарлықтай назар аударылып келеді. Азаматтық қоғамның мүшелері саналатын үкіметтік емес ұйымдар, биылғы жылы да мемлекеттік гранттарға қатысып, бақтарын сынап, біліктіліктерін арттыруға ниетті. Ұсынылған жобаларға қоғам қайраткерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған арнайы комиссия баға беріп, жылдың грант иелерін анықтайды.
Бизнес • 05 Сәуір, 2018
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шағын несие беруді көбейту бастамасы ауыл тұрғындары үшін ерекше қуаныш екені белгілі. Өйткені Қазақстан халқының негізгі бөлігі қаладан шалғай елді мекендерде тұрады. Ал оларды жаппай бизнеске тарту әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына өлшеусіз үлес қосары анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арнаған Үндеуінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың ерекшелігіне тоқталып, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен және жұмыссыз азаматтар арасында жеңілдігі бар шағын несие ұсыну ең тиімді механизм екенін атап өткен болатын.
Теннис • 05 Сәуір, 2018
Бастауын сонау 1900 жылдан алатын ғасырдан астам тарихы бар турнирдің биыл соңғы сайысы өткелі тұр. Себебі, тамыз айында Халықаралық теннис қауымдастығы «Дэвис кубогы» жарысының өту жүйесін өзгертіп, Әлем чемпионаты деңгейіне көтермек. Тарихи турнирде біздің құрама қандай жетістікке жетуі мүмкін?
Теннис • 05 Сәуір, 2018
Михаил Кукушкин: Чоричті бұрын жеңгенмін, бірақ қазір ол күшейіп алған
Қазақстан құрамасының сенім артып отырған лидері Михаил Кукушкин «Егемен Қазақстан» тілшісіне сұқбат берді.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2018
Алматыда көпқабатты үй өртенді
Алматыдағы Көкжиек ықшамауданындағы көпқабатты үйден өрт шықты.
Үкімет • 05 Сәуір, 2018
АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы тағайындалды
ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымына Арман Өтеғұлов тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.
Теннис • 05 Сәуір, 2018
Марин Чилич: Попко талантты теннисші екенін білемін
Әлемнің үшінші ракеткасы қазақстандық теннисші жайлы өз ойын айтты.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2018
Атырау облысында кәсіпкерлер форумы өтті
Облыстық форумда бизнес пен жергілікті билік өкілдері өзара байланыс пен проблемалық мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Теннис • 05 Сәуір, 2018
Бірінші ойында Дмитрий Попко Марин Чиличпен кездесетін болды
Бүгін Хорватияның Вараждин қаласындағы теннис орталығында жербе тарту рәсімі өтті.
Президент • 05 Сәуір, 2018
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды
Президент Әкімшілігі Басшысының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2018
2025 жылға дейін Астанада 10 емхана ашылады – Ә.Исекешев
Елбасының қатысуымен өтіп жатқан елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте қала әкімі Әсет Исекешев Астанада жаңадан 10 емхана ашылатынын айтты.
Руханият • 05 Сәуір, 2018
Ұлттық музейде жазушы Мырзагелді Кемелмен кездесу өтті
Бүгін ҚР Ұлттық музейінде «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемелмен кездесу өтті.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2018
Алматыда қытай тілінен аударылған жаңа кітаптың тұсаукесері өтті
Алматыдағы Атакент көрме орталығында өткен халықаралық кітап көрмесінде «Шығыс әдебиеті және өнері» Баспа компаниясынан» жарық көрген «Бір белдеу – бір жол» деп аталған су жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Оқырманға жол тартқан бұл кітап қытай тілінен алғаш рет аударылып, қазақ оқырманына ұсынылып отыр.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2018
Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Астананы одан әрі дамытуға арналған кеңес өтуде
Астана қаласы әкімдігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжіліс өтіп жатыр.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2018
Бақытжан Сағынтаев білім беру және отын-энергетикалық кешенін дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев білім беру және отын-энергетикалық кешені салаларында 2018 жылға арналған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2018
Шымкентте Инновациялық университет қалашығы салынады
Шымкент қаласының Бозарық шағын ауданында 150 гектар жерде жақын арада Инновациялық университет қалашығы салынатын болады. Онда оқу ғимараттары, спорттық нысандар, тұрғын үй кешендері мен 1 мың орындық жатақхана бой көтереді. Оқу орнында медицина факультетіне ғана емес, бизнес- мектепке де басымдық берілмек.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2018
Оңтүстікте көктемгі егіс жұмыстары қарқын алды
Диқандар үшін көктемнің әр күнін тиімді пайдалану маңызды. Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 833,1 мың гектар болады деп межеленіп отыр. Бүгінге 12,4 мың гектарға жаздық дақылдар, оның ішінде 6,2 мың гектар көкөніс, 0,4 мың гектар арпа, 3 мың гектар жоңышқа, 2,1 мың гектарға картоп егілген.
Парламент • 05 Сәуір, 2018
Депутаттар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы мәселелерге назар аударды
Кездесу барысында Мәжіліс депутаты «Сенім» Жамбыл баспа орталығы» ЖШС, «Жасұлан-Флора» ЖШС, ТИГУ жөнінде агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты, «Байзақ ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі», «Луговой ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ қызметімен танысты.
Парламент • 05 Сәуір, 2018
Депутаттардың Солтүстік Қазақстан облысына сапары жалғасуда
Сенаторлар Ольга Перепечина мен Ерік Сұлтанов Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын халыққа түсіндіру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласының, Возвышенка, Александровка ауылдарында кездесулер өткізді, деп хабарлады Сенатының баспасөз қызметі.
Өнер • 05 Сәуір, 2018
Теоман Хос туындылары махаббаттан туған
«Жасампаз жандар өнер туындыларын жасаудан ләззат алса, өмірінің мәнін махаббат деп білетіндер сол өнерді тамашалаудан бақыт табады» дейді адам өмірінің мәнін зерттейтін психолог мамандар. Расында, жасампаздың жан дүниесі мен өнерге салған энергиясын сезіну үшін көрерменнің көкірек көзі ояу, жүрегі махаббатқа толы болуы керек.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2018
Өзгеріс Қуанар Моңғолияның Баян Өлке аймағында дүниеге келіпті. Өңіріміздегі аудан орталығы Ақтоғай ауылында Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектепті бітірген. Қарағанды «Болашақ» университеті фиолология факультетінің түлегі. Қазір облыстық «ERTIS» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде тілші қызметін атқарады.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2018
Айым да сен, Ғалия, күнім де сен...
Ақмола қаласы елордаға айналып, абыр-сабыр болып жатқан 1998 жылдың көктемі-тін. Қалалық газеттің тілшісі деген атымыз бар, ұшып-қонып жүрген шақ. Бір күні өңірге аты мәлім байырғы журналист, қарт қаламгер Октябрь Әлібеков ағамыз үйіне шақырды. Бардым. Күн жексенбі еді. Өкең мені алыстан келген бауырым деді ме, ерекше іш тартып, айрықша ілтипат білдірді.
Бурабай аққайыңдары – тұнып тұрған лирикалық образ. Аққайың – сұлулық пен нәзіктіктің, сыршылдық пен махаббаттың пәк бейнесіне айналған, желегі жібектей есілген көркем де керімсал кербез ағаш. Аққайың – өлең, аққайың – өзегіне өмірдің шырын сөлін жиған табиғаттың тұнық тұмасы.
Бокс • 05 Сәуір, 2018
Альварес жекпе-жектен бас тартты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші кездесу өтпейтін болды. Бұл туралы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес пен боксшының өзі Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Өнер • 05 Сәуір, 2018
Қазақ ұлттық консерваториясында халықаралық заманауи музыка фестивалі өтті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында халықаралық заманауи музыка фестивалі болып өтті. Бұл фестиваль әзірге Қазақстандағы заманауи музыканың бірден-бір мәртебелі мерекесі болып табылады.
Футбол • 05 Сәуір, 2018
Дәурен Нұрғожин: Жақсы көретін командам – «Атлетико»
Футзалдан Қазақстан құрамасы Словенияда өткен Еуропа чемпионатында жүлдеге іліге алған жоқ. Бұл жолы төртінші орынды қанағат тұтты. Алайда жанкүйерлердің команда ойынына көңілі толды. Құрама сапында белсенді ойын өрнегін көрсеткен Дәурен Нұрғожинмен сұхбаттасқан едік.