Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Елбасы жарлығымен Анатолий Смолин мен Владимир Жұмақанов қызметтерінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты Анатолий Смолин мен Владимир Жұмақанов қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Жоғары Сот Кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды
Талғат Донақов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Президентінің көмекшісі болды
Елбасының Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды
Елбасының Жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 04 Сәуір, 2018
Елбасы «Шеврон» компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз клубы.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Конституциялық Кеңес жариялаған байқаудың жеңімпаздары марапатталды
Болашақ – білімді жастардың қолында. Бүгін Астанада Конституциялық Кеңестің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған эссе байқауы мәресіне жетіп, үздіктері марапатталды. Оған еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындарының студенттері мен Астана қаласындағы мектеп оқушылары қатысып, бағын сынады.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Д.Абаев Қазақстанда Telegram желісін бұғаттау ықтималдығына қатысты пікір білдірді
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда Telegram желісінің бұғатталу ықтималдылығына қатысты пікір білдірді.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2018
Атбасар мен Астрахань аудандарына құтқару тобы жіберілді
Ақмола облысында күн күрт жылып, қар еруіне байланысты Атбасар мен Астрахань аудандарының елді мекендерінде су тасуы мүмкін, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ баспасөз қызметі. Облыстағы су тасқыны салдарын жою бойынша жедел жедел шаралар қабылдау үшін 4 сәуірде жоғарыда аталған өңірлерге құтқару бөлімшесінің құтқару тобы жіберілді.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Дональд Трамп тарту еткен гольф добы мен таяғы Елбасы кітапханасында сақтаулы
Елбасы кітапханасы музей жинақтары топтамасын таныстыруды жалғастырады. Музей қорының әрбір жаңа жәдігері Мемлекет басшысының белсенді сыртқы саяси қызметінің жарқын көрінісін айқындайды.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
«Жайық ет» кәсіпорнының өнімі 4 облысқа тарайды
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл, Аманжан Жамалов және Сапархан Омаров «Жайық ет» кәсіпорнын аралады.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Депутаттар Үштөбе ауылындағы сүт фермасын аралады
Мәжілісі депутаттары Асылбек Смағұлов, Сәкен Өтебаев және Ольга Шишигина Алматы облысының Қаратал ауданында жұмыс сапарымен болып, Үштөбе ауылындағы «Тастөбе-Агрофуд» сүт-тауарлы фермасы мен «Бастөбе сервис-техникалық колледжінің жай-күйімен танысты.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2018
Зырян ауданында 129 үй су астында қалып отыр
Шығыс Қазақстан жұртшылығының қарғын сумен арпалысып жатқанына бір айға жуықтапты. Дәл қазіргі уақытта әсіресе Зырян ауданына қиын соғып тұр.
Теннис • 04 Сәуір, 2018
Желко Краян, Хорватия құрамасының капитаны: Ойын Қазақстанда өткенде өзімізді фаворит санамаушы едік
Хорватия – Қазақстан құрамалары арасындағы теннис матчының алдында капитандардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Отандық итбегілердің өз ішінде алауыздық көп
1829 жылы Бөкейліктегі байбақты руының биі Шеркеш Жақсыбайұлын халық толқуына қатысқаны үшін Жәңгір хан тұтқындатып Текеге айдатқанда, Лашын атты тазысы бірге еріп, қанша қуса да қалмапты. Шеркеш би Орал түрмесінде бір жыл жатқанда «Қырықтұрбаның» алдында иесін күтіп, ақыры Сібірге бірге кетіпті деген аңыз бар. Бұл әңгімені Бірәлі Мергенов, Әйіп Бектасов қариялардың айтуынан белгілі тарихшы Исатай Кенжәлиев жазып қалдырған. Жапондық Хатикодан бір ғасыр бұрын иесіне адалдықтың ғажайып үлгісін көрсеткен Лашынға ескерткіш қойылмақ түгілі, естен шығып та кетті...
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
«Қорғас ісі»: Күдіктінің Швейцария банкінде 1,3 млн доллары анықталды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыстардың нәтижесінде Швейцарияның «RothschildBankZurich» банкінен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты анықтады.
Теннис • 04 Сәуір, 2018
Диас Досқараев: «Дэвис кубогын» жеңген командаға қарсы ойнау ешкімге де оңай соқпайды
Хорватия – Қазақстан құрамалары арасындағы теннис матчының алдында капитандардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Алдымен сөз сөйлеген Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев тілшілер сауалына жауап берді.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Кәсіпқой қатысушылар үшін сауда жүйесінің кеңейтілген таныстырылымы өтті
«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы Қазақстандық қаржыгерлер қауымдастығының алаңында қазақстандық бағалы қағаздардың кәсіпқой қатысушылары үшін сауда жүйесінің кеңейтілген таныстырылымын өткізді.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Солтүстік Қазақстан әкімі АҚШ елшісінің орынбасарымен кездесті
АҚШ дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Джон Марк Поммершайм Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
«Еуроодақ – Қазақстан: әріптестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» атты байқау жарияланды
Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Қазмедиа Медиамектебімен бірлесе отырып, қазақстандық журналистерге арналған «Еуроодақ – Қазақстан: әріптестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» атты кәсіби халықаралық тағылымдамаға байқау жариялайды.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2018
Солтүстік Қазақстан өңірінде спорт басты назарда
«Қызылжар-СҚ» футбол командасы тоғыз жылғы үзілістен кейін былтыр ел чемпионатының Премьер-лигасына оралды.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Сенаторлар Сарыкемер ауылының тұрғындарымен кездесті
Парламент Сенатының депутаттары Абдалы Нұралиев пен Мұратбай Жолдасбаев Жамбыл облысы, Байзақ ауданында жұмыс бабындағы сапарда болды.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Депутаттар Балқаштағы өзекті мәселелермен танысты
Парламент Сенатының депутаттары Рысқали Әбдікеров пен Марат Тағымов Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру аясында Балқаш қаласында жұмыс бабындағы сапарда болды.
Тарих • 04 Сәуір, 2018
Неміс тұтқынында қайтыс болған қазақ тағдыры
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, хабарсыз кеткен жауынгерлер туралы деректерді жинаған «Мемориал» қоғамы 2015 жылы батысқазақстандық Калин Кинжигалиев туралы хабар таратқан болатын. Неміс тұтқынында қайтыс болған аға лейтенант Сталинград түбінде 1942 жылғы 7 тамызда қолға түскен екен. Бұл хабарды естіген жергілікті әкімшілік, журналистер, әлеуметтік желі белсенділері сарбаздың туыстарын іздеп дабыл қақты.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Депутат Сергей Ершов «Нұр Отан» партиясының активімен кездесті
Сенат депутаты Сергей Ершов Қарағанды қаласында «Нұр Отан» партиясының облыстық актив өкілдерімен кездесті.
Тарих • 04 Сәуір, 2018
Ел газеті «Егеменнің» өткен 8 наурыз күнгі санында «Суворовты сан соқтырған Сапура» атты шағын жазба жарияланды. Мақаланы оқырман көпшілік жылы қабылдағаны сөзсіз. Өйткені ұлтымыздың батыр қызы, «Қазақтың Жанна д’ Аркі» (Нәйла Бекмаханова) атанған Сапура Мәтенқызы қазіргі тәуелсіздік дәуірінде ұлықтауға татитын бірден-бір тұлға.
Әдебиет • 04 Сәуір, 2018
Байырғы ойшыл Толстой бақытты отбасының бақыты біркелкі, бақытсыз үйдің тағдыры сан қилы деп айтқаны кезінде адамзатты таңғалдырған еді.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2018
Астанада тасқынға қатысты жағдай жіті бақылауға алынды
Бүгін Астанада қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен тасқынға қатысты жағдайды реттеуге бағытталған шаралармен таныстыру баспасөз туры өтті. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері «Газмашаппаратура» ауданындағы Есіл өзені жағасында болып қайтты, деп хабарлайды елорда әкімдігі ресми сайты.
Ақмола облысында 58 адамның астан улану себебі анықталды
Ақмола облысында 58 адамның астан улану себебі анықталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2018
«Түнгі Семей – тыныш қала» атты алдын алу шарасы өтті
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова және орталықтың Семей қаласындағы бөлімінің басшысы Олжас Соғымбай, қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері, еріктілер мен тәртіп сақшылары «Түнгі Семей – тыныш қала» атты алдын алу шарасын өткізді.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2018
Орал қаласына қарасты Деркөл кентінің «Көкжиек» шағын ауданында жаңадан ашылған мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Мектеп 600 оқушыға арналған.