дау
Аймақтар • 18 Қазан, 2021
Байзақ ауданында 24 үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Байзақ ауданында әскери қоймадағы жарылыстан кейін зардап шеккен 35 үйдің 24-і толығымен қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2021
Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды
Алматыда синтетикалық есірткі шығаратын үш есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қазан, 2021
СҚО-да локдаун жариялануы мүмкін
Солтүстік Қазақстан облысы толық локдаунға жабылуы мүмкін. Кейінгі екі аптада өңірде COVID-19 деңгейі 1,5 есе өскен. Мұны өңірдің санитариялық дәрігерлері вакцинация қарқыны төмен болуымен және дельта штамының тарауымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қазан, 2021
Полицияның сервистік моделін кеңейту мәселелері талқыланды
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Ішкі істер министрлігіне барып, полицияның сервистік моделін кеңейту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Қазан, 2021
Экология министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 11 Қазан, 2021
Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Темірлан Амангелдіұлы Бектасов Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қазан, 2021
Австрияның жаңа канцлері тағайындалды
Австрияның жаңа канцлері қызметіне бұған дейін елдің Сыртқы істер министрлігін басқарған дипломат Александер Шалленберг тағайындалады. 10 қазан кешінде Австрия Президенті Александер Ван дер Беллен тілшілер алдында сөйлеген сөзінде 11 қазанда Шалленбергтен ант қабылдайтынын қуаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Қазан, 2021
Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Дамир Жүнісов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Қазан, 2021
Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен Бауыржан Мәлғаждаров Шортанды ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 06 Қазан, 2021
Бүгін ел астанасында Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен һәм Мәдениет және спорт министрлігінің, Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Бала дауысы» ән байқауының бірінші финалдық концерті өтеді.
Тағайындау • 05 Қазан, 2021
Біліктілікті сертификаттау департаментіне басшы тағайындалды
Сырымбек Төлеу «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» Акционерлік қоғамының Біліктілікті сертификаттау, кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын инспекциялау және ранжирлеу департаментінің директоры лауазымы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қазан, 2021
Алматыда сот орындаушысын сабап тастады
Алматыда жеке сот орындаушысы Әділ Ермеков соққыға жығылды. Бұл іске бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровтың да қатысы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Қазан, 2021
ЕКПА Қазақстандағы демократиялық реформаларды қолдады
30 қыркүйекте, күзгі сессия жұмысының соңғы күні Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында «Қазақстандағы саяси реформа оның азаматтарының қажеттіліктері мен ұмтылыстарына жауап береді» деген жазбаша декларация қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 03 Қазан, 2021
СҚО мен Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Елдің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 03 Қазан, 2021
Көкшетаулық өнертапқыш тың технология ойлап тапты
Автордың түсіндіруінше, бұл құрылғы қарды нығыздап, оның тез еріп кетуіне жол бермейді. Серікбай Сағындықовтың мұндай бастаманы қолға алуына еліміздегі биылғы қуаңшылық себеп болған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Қазан, 2021
Азаматтық бастамаларды іске асыру үшін ұсыныстар жиналады
Бүгін, 1 қазанда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың төрағалығымен Қазақстан Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша ауылдардағы ҮЕҰ өкілдерімен пікір алмасу жиыны өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қыркүйек, 2021
Жапония төтенше жағдай режимін алып тастады
Сарапшылар комитетінің отырысы кезінде Жапония Премьер-Министрі Есихидэ Суга коронавирсқа байланысты 30 қыркүйекке дейін қолданыста болған төтенше жағдай режимі толық жойылғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021
Шымкенттегі инсульт орталығы тәулік бойы қызмет көрсетуге көшті
Шымкент қаласындағы №2 аурухана базасындағы инсульт орталығы Президент Жолдауы аясындағы тапсырмаларды негізге ала отырып, халыққа тәулік бойы медициналық қызмет көрсетуге көшті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 28 Қыркүйек, 2021
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 30 күннен соң аяқталады. Құжаттарды қабылдау 4 мамырдан 28 қазанға дейін еGov электрондық үкімет порталы арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде құбылмалы жағдай қалыптасса да, түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығының өте маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Қыркүйек, 2021
Таңертең шаңды дауыл қаланың көптеген ауданын қамтыды. Жел шаң мен құмды ауаға көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2021
«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес». Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Осы бір орамды ой бүгінгі мақаламызға мәйек болып отыр. Ел Президенті әрбір Жолдауында ұлттың мәдени болмысы хақында толғамды пікір түзіп, әсіресе руханиятқа достық рәуіште ерекше назар аударып келеді.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2021
ИИДМ Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдай туралы түсініктеме берді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2021
Сенаторлар заң білімінің сапасы мәселелерін талқылады
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары еліміздегі заң білімінің сапасын зерттеу мақсатында Қарағанды қаласының бірқатар оқу орындарын аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Қыркүйек, 2021
Академиялық адалдық лигасы кеңесіне жаңа төраға сайланды
Елордада Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Қыркүйек, 2021
Сәуле Омарова АҚШ-та банк реттеушісінің басшысы болып тағайындалмақ
АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің банк құқығының профессоры, Қазақстанның тумасы Сәуле Омарованы АҚШ-тағы банк секторының негізгі реттеушісі, ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) лауазымына тағайындауға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2021
Әкімдіктерде азаматтық бастамаларды қолдау орталықтары ашылады
2022 жылы бастап әкімдіктер жанынан азаматтық бастамаларды қолдау орталықтары ашылып, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Қыркүйек, 2021
Павлодар облысындағы Май ауданында әкім ауысты
Марат Ақтаевтың орнына келген Ағыбай Әмірин ауданды басқарады. Жергілікті активке жаңа басшыны Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2021
Алматыда креативті кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіледі
Алматыда креативті кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіледі. Бүгінде мегаполис экономикасы дамуының драйвері шикізат өнеркәсібінен креативті секторға ауысып жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2021
Құжаттарды цифрлық форматта сақтайтын жүйе іске қосылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ғабидолла Әбдірахманов мәлім еткендей, Қазақстанда архивтік құжаттарды цифрлық форматта сақтайтын жаңа ақпараттық жүйе енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.