Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Балғын инспекторлар бақ сынасуда
Өскеменде балғын инспекторлардың бәсекесі басталды. Ғазиз Байтасов атындағы жас инспекторлар қозғалысының 17-ші республикалық слеті 9 күнге созылмақ.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтына (ӘЭСИ) Азияның үздік 10 сараптамалық орталықтары қатарына кіретін қытайлық алдыңғы қатарлы think tank – Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының вице-президент Ян Цзен бастаған делегациясы келді.
Театр • 18 Шілде, 2017
Австрияда – Поллион, Астанада – Төлеген
Бұл спектакльдің премьерасы биыл көктемде ғана өткен болатын. Содан көп ұзамай қазақстандық әнші тағы 11 қойылымда Рим проконсулының партиясын шырқады, сөйтіп өнер иесінің сахналық сапары 23 маусым күні қорытындыланды.
Театр • 18 Шілде, 2017
Қазақ елі тарихында тұңғыш рет өтіп отырған ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның әлем алдындағы айшықты беделі болып саналады. Төрткүл дүниені тамсантқан бұл көрме сауда-саттық және экономикалық байланыс қана емес, бүкіл әлемдік руханияттың салтанат құратын сәті екені тағы аян.
Театр • 18 Шілде, 2017
Бұған дейін өз туған жерінде екі рет халықаралық, Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық театр фестивалі өткен белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Рахымжан Отарбаевтың халықаралық театр фестивалі төртінші мәрте ұйымдастырылып, ол қырғыз жерінде дүбірлеп өтті.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Жасырары жоқ, шенеунік десе шекелері шибарқыттана тырысатындар жетіп-артылады. «Шенеунік» деген сөзді айтқан адамның да, айналасында тыңдап тұрғандардың да миықтарын мысқыл түрткілей жөнелетіні рас. Демек, ой-санада, қоғамдық пікірдің ерсілі-қарсылы ағыстарында шенеунік атаулыға терістеу көзқарас, жағымсыздау психология қалыптасқан.
Қазақтың Котэдей комментаторы қайда?..
Абай атамыз айтқандай, «қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» екені рас. Бірақ сол толғауы тоқсан туған тіліміздің спорт репортажына келгенде тұсаулы аттай тоқырап, тұтыға беретіні қалай екен, осы?
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Талап бар жерде ғана тәртіп болады
Жыл сайын Қазақстан жолдарында жол-көлік оқиғаларынан мыңдаған адам зардап шегіп жатады. Оның себебін жолдардың нашарлығымен қазақстандық автокөліктердің айтарлықтай бөлігінің тозығы жеткендігімен түсіндіруге болады. Ал соның ішінде ішімдік ішіп алған мас жүргізушілердің іс-әрекеттерін тіпті еш ақтап алуға болмайды. Өйткені, ондайлар өздерінің ғана емес, өзгелердің де тағдырына балта шабады. Бұл сөзімізге Ақмола облысында жүргізілген алдын алу шаралары дәлел.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Балаларға арналған инновациялық оқулық
Енді мұғалім де, ата-ана да, бала да жол қозғалысы ережесін планшетті, ноутбукты, компьютерді ашып қойып, үйде үйрене беруіне болады. Қостанай облыстық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметі мен «Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлттық орталығы облыстық филиалы бірігіп, тұсаукесерін өткізген «Мектеп мұғалімдеріне арналған жол қозғалысы ережесінің сандық ресурсы» – инновациялық жоба. Электронды оқулықты жасағандар оның тұсаукесерінде бұл ноу-хаудың елімізде әлі баламасы жоқ екенін айтты.
Сыбайластық сырқат емес, індет
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан табылуын басты меже етіп белгілегені баршаға аян. Соған сәйкес, елімізде көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Экономикалық жағдай жақсарып, халықтың тұрмыс деңгейі артты. Дүние жүзінің назарын аударған небір халықаралық шаралар өткізілуде. Олардың бәрін тізбелемесек те, бір ғана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін айтудың өзі-ақ үлкен мақтаныш екені рас. Алайда, осындай игі істерді атқаруда етектен тартатын кемшіліктер де кездеседі.
Аймақтар • 18 Шілде, 2017
Дала отқа оранып, бала суға кетсе, кінәлі кім?
Атырауда тілсіз жаудан қорғану шаралары жетілдіруді қажет етеді
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Медициналық сақтандырудың ерекшелігі неде?
Бірінші, бұл не үшін қажет? Жер бетінде тұратын халықтың бәрі негізінен бірдей сырқаттармен ауырады. Оны емдеу және диагностика жасау тәсілдері де бірдей. Медицинаның бірегейлігі де осында. Бірақ, әр елдің денсаулық сақтау жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Әр елдің медицинасы халықтың мәдени, тарихи және менталдық ерекшеліктеріне, тұрмысы мен салт-дәстүріне қарай бейімделген. Сондықтан әр елдің үлгісі сырттай бір-біріне ұқсас болғанымен нақты ерекшеліктері бар.
Аймақтар • 18 Шілде, 2017
Теңдесі жоқ жоба Атырауда жүзеге асады
Индер ауданында «ISSMAT» компаниялар тобы құны 234 млн АҚШ долларына бағаланған ғажайып жобаны қолға алды.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Бірлескен жобадан – бірегей зауытқа
Жуырда Қарағандыдағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында отқа төзімді материалдар шығаратын «Seven Refractories Asia» зауытының ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Балқаш экологиясының бұзылуына, су деңгейінің төмендеуіне әсер етуші факторлар аз емес. Мамандар соның ең басты себебі ретінде – көлге құятын өзен арналарының тартылуын атайды.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Электр энергетикасы жүйесінің келешегі талқыланды
Астанада «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне және «KEGOC» АҚ компаниясының 20 жылдығына арналған «Электр энергетикасы жүйесінің дамуы: мәселелері мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті. Оған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев, 26 мемлекеттен келген делегаттар қатысты. Олардың арасында TEPCO, NJK (Жапония), State Grid Corporation of China (ҚХР), Fingrid (Финляндия), TEIAS (Түркия), TERNA (Италия), 50Hertz (Германия), APS Energia (Польша) секілді ірі желілік компания өкілдері де бар.
Аймақтар • 18 Шілде, 2017
Түстіктен жеткен жеткіншектердің әсері
Еліміз үшін ғана емес, әлемге аса маңызды «Болашақ энергиясы» жобасын тамашалауға Оңтүстік Қазақстан облысынан келетін 4 мыңға жуық оқушының тоғызыншы легі Астанаға жетті. Арқа төрінде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне «Zhana Talap» туризм агенттігі ұйымдастырған 4 күндік турмен 150 оқушы табан тіреді. Балаларды Шымкент қаласының темір жол вокзалынан ата-аналары, ұстаздары мен достары ақ жол тілеп шығарып салған.
ЭКСПО-2017 • 18 Шілде, 2017
Испания – планетаға арналған қуат
Осындай атаумен 2017 жылдың 17 маусымында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Испанияның Ұлттық күні аталып өтті.
ЭКСПО-2017 • 18 Шілде, 2017
Жапонияның дара жаңалығын сезінетін күн
Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында 22 шілде күні Жапонияның Ұлттық күні «JAPAN DAY» аталып өтеді. Бұл туралы 2017 жылдың 17 шілдесінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
жас балғындарды өлкенің тамаша табиғатымен, тарихи жерлерімен таныстырып қайтты
Парламент • 18 Шілде, 2017
Сайлаушылармен кездесу өткізуде
Парламент Сенатының депутаттары Е.Мұқаев пен Н.Төреғалиев Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Парламент • 18 Шілде, 2017
17 шілдеде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында ОСК Төрағасы Берік Имашев Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұловқа куәлік пен төсбелгіні тапсырды.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мәселелер мен ұсынылған бағдарламалар күн өткен сайын жер-жерде талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай бастаған топ Алматы облысына келді.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада каллиграфия көрмесі өтті. Шарада Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған халықаралық байқау жеңімпаздары мен қатысушыларының туындылары ұсынылды.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Үздік идеялар елорданы көркейтуге үлес қоспақ
Астана әкімдігі ұйымдастырған алғашқы Startup Weekend байқауы мәресіне жетті. Үш күнге ұласқан шараның қорытынды жиынына қала әкімі Әсет Исекешев қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Хаттама электронды үлгіде толтырылады
Кеше елордада электронды хаттамаларды енгізу бойынша қанатқақты жобаны іске қосу шарасы өтті. Жаңа жобаның мақсаты әкімшілік өндірісті электронды форматқа ауыстыру болып табылады. Аталған іс-шараға еліміздің Бас прокуроры, Ішкі істер министрі, Астана қаласы әкімі мен Астана қалалық ІІД бастығы және басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Тойбастар. Жуырда ұлт ұясы – Ұлытау ауданының Сарлық ауылына қарасты Кененбай көлінің жағасында дәстүрлі «Ұлытау қымызы» этнофестивалі өтті. Игілікті іс-шара биыл тұңғыш рет халықаралық фестиваль дәрежесінде дәріптелді. Яғни, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесімен оңтайлы орайласқан шара ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның басшылығымен «Терісаққан көктемі» этнофестивалі бағдарламасы аясында өтті.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Мейірімділіктің «тізбекті реакциясы»
«Өзгенің иығына жапқан шапан өзіңді де жылытады» деген қанатты сөз бар. Шынында да, жақсылық жасау, жылағанды жұбату, мұқтажға көмек беру – адамның адамгершілігін көрсететін ең басты қасиеті. Осындай елгезектік жастардың бойынан табылып жатса, тіпті керемет қой.
Футбол • 17 Шілде, 2017
«Астанадан» бірнеше ойыншы сатып алуымыз мүмкін – Марек Зуб
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» футбол клубына қарсы жауапты ойын алдында Юрмаланың «Спартак» командасының бас бапкері Марек Зуб журналистерге сұхбат берді.
Футбол • 17 Шілде, 2017
Астанада басқаша ойын болады – Эдгар Варданян
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астанаға» қарсы жауапты ойын алдында «Спартак» командасының ойыншысы Эдгар Варданян БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз конференциясын өткізді.