Соңғы жаңалықтар
ЭКСПО-2017 • 20 Шілде, 2017
Үздік идеялар елі ұлттық күнін мерекеледі
ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында словакиялықтар ұлттық күнін мерекеледі. Еуроодаққа мүше, 5 млн ғана халқы бар бұл мемлекет көрме меймандарын ұлттық әндерімен, билерімен қайран қалдырды. «Словакия – үздік идеялар елі» деген ұраны бар олардың павильонында жасыл энергетика тақырыбына қатысты қызықты жобалар жетерлік. Өйткені, ол мемлекетте баламалы қуат көздері қарқынды дамып келеді. Туризм мен машина құрылысы есебінен күн көретін Словакия «жасыл технологияларға» келгенде, көп елден озық.
ЭКСПО-2017 • 20 Шілде, 2017
Стивеннің ізбасары «индиго» жобасын ұсынды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Швейцария павильонында «Адамзат кітапханасы» атты мерекелік шара өтті. Басқосу барысында әлемге белгілі астрофизик Стивен Хокингтің тараздық ізбасары, 14 жастағы Исаак Мустопуло мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «Индиго» жобасын іске асыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
ЭКСПО-2017 • 20 Шілде, 2017
Таңғы шық елінің тарту-таралғысы
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Корея Республикасы ұлттық күнін тойлады. Бұған дейін ең үлкен павильонымен және үздік жасыл технологияларымен талайды таңдай қақтырған мемлекет қазір де әлемдегі баламалы қуат көздерін өндіру мен қолданушылардың алдыңғы қатарында келеді. Корейлер 2030 жылға дейін елдегі қуат көздерінің 20 пайызын жаңғырмалы етуді көздейді.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Невзат Уянык: Бауырластық байланыстардың іргетасы берік
Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен сұхбат.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Керней ауылының керегесі кеңейді
Бұқар жырау ауданындағы Керней ауылы кешегі кеңес заманында дүрілдеп тұрған шаруашылық болатын. Алайда, тоқсаныншы жылдардағы тоқырау іргетасы сонау патшалық заманда қаланған ауылдардың тоз-тозын шығарып жіберген еді. Елбасының жуырда жарық көрген бағдарламалық мақаласының бір тармағы – елді мекендерді жаңғыртуға бағытталғанын білеміз.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Өркениет игіліктеріне бастайтын қадам
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – рухани құндылығымызды жаңғыртатын бастама, халыққа түсінікті тілмен жазылған даму жоспары, көптен күткен ұлттық идеологияның тұжырымдамасы болғаны ақиқат. Қайта түлеудің қолға алынып, жүзеге асып жатқан саяси реформа мен экономикалық жаңғыру секілді ерекше маңызды екі процесін баян- ды жалғастыратын, халқымыздың рухани жаңғыруы басталды.
Үкімет • 20 Шілде, 2017
Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның сауда және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі Грег Хэндспен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Білім • 20 Шілде, 2017
Қазақстанның үздік колледждерінің рейтингі – 2017
Білім берудің озық стратегияларын іске асыру арқылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту ел экономикасының тұрақты өсуін, қазақстандық қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету және жастардың жұмыспен қамтылуын қолдау үшін кәсіби бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Қырғызстан: сайлау «дүбірі» мен «күбірі»
Көршіміз Қырғызстанда кезекті президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелуге ниеттенген үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталғанына бір айдан асты. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстары 10 қыркүйек пен 14 қазан аралығында жүргізіледі. Ал президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Озық отыздық орындалатын мақсат
Бүгінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық саланы жаңғырту жүріп жатқаны белгілі. Елбасының тікелей бастамасымен тәуелсіз Қазақстан қысқа мерзім ішінде ең үздік елу елмен үзеңгі қағыстырып үлгерді. Ендігі меже – экономикасы дамыған озық отыз елдің қатарына қосылу. «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты да осы: әлемнің ең дамыған елдердің қатарына қосылып, мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Президент • 20 Шілде, 2017
Елбасының еңбегіне – жоғары баға
Қазақстан Президентінің атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, өкілді органдардың депутаттарынан, шетелдердің және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдары жетекшілерінен, зиялы қауым мен дін өкілдерінен, дипломатиялық миссия басшыларынан, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардан кең ауқымды хаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Қиырдағы қазақтар туралы деректі фильмдер түсіріледі
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен алыс-жақын шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың өмір-тарихымен таныстыратын «Қиырдағы қазақтар» атты сегіз сериялы деректі фильм түсіру ісінің қолға алынуына байланысты баспасөз жиыны өтті.
Ұлттық спорт • 19 Шілде, 2017
Жамбы атудан «Алтын жебе» турнирі өтеді
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында алдағы тамыз айының екінші аптасында елорда төріндегі «Қазанат» атшабарында Мәдениет және спорт министрлігі және «Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері қауымдастығының» ұйымдастыруымен жамбы атудан «Алтын жебе» атты І халықаралық турнир өтеді деп күтілуде.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігі 2022 жылға дейін ұзартылды
Нұрсұлтан Назарбаев Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігін 2022 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Кеше Үкімет үйінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты «Біртектілік пен бірлік» бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Абаттандыру ережесін бұзған астаналық кәсіпкерлер айыпқа тартылды
Жыл басынан ҚР ӘҚК-нің 505 бабы бойынша 800-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі: дәмханалар, мейрамханалар, сауда үйлері мен сұлулық салондарының қожайындары жауапкершілікке тартылды.
Технология • 19 Шілде, 2017
Ескі көліктерді жою бойынша 119 жеңілдік сертификаты берілді
Ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын беретін бағдарлама басталғаннан бері (2017 жылдың 26 маусым мен 18 шілде аралығында) ӨКМ Операторы 119 жеңілдік сертификатын берді.
Білім • 19 Шілде, 2017
«Жас Өркен» бағдарламасының алғашқы кезеңінен 222 үміткер өтті
«Самұрық-Қазына» қоры «Самұрық-Қазына» Корпоративтік Университетімен бірлесе отырып «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына байқау жариялаған болатын. Бағдарламаға қатысуға өтініш беру 3 сәуірден 3 шілдеге дейін жалғасты. Байқауды ұйымдастырушылар бағдарламаны таныстыру мақсатында Қазақстан бойынша 30 дан астам ЖОО-да кездесулер өткізді.
Әлем • 19 Шілде, 2017
Ирактың сенімді өкілі: «Мосулды азат ету – адамзаттың жеңісі»
Мосул қаласының азат етілуіне орай Ирактың Қазақстандағы сенімді өкілі Юнус Салим Сархан баспасөз жиынын өткізді. Журналистермен кездесу барысында Юнус Салим шаһарды қайтарып алу арқылы ИЛИМ (ДАИШ) содырларының тамырына балта шабылғанын мәлімдеді.
Google Зика вирусымен масалар арқылы күреспекші
Google компаниясы Зика вирусының таралуын тоқтату үшін ауаға 20 миллионнан астам маса ұшыруды жоспарлап отыр. Компания Калифорния штатындағы (АҚШ) бақылаушы органдардың мақұлдауын күтуде. Бактериялар Зика вирусын таратушы масалардың ұрпақ жалғастыруын тежейді және адамдарға зиянсыз.
ЭКСПО-2017 • 19 Шілде, 2017
Росатом Қазақстанда өзінің жоғары технологиялық бейатомдық өнімдерін ұсынды
Бүгін Астана қаласындағы «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде ресейлік атом технологияларына арналған Атом апталығы аясында «Росатом» Мемлекеттік корпорациясы атом саласындағы бейядролық технологиялар мен бейэнергетикалық шешімдерге арналған Дөңгелек үстел өткізді.
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Семейде «Мемлекеттік тіл –менің тілім!» байқауы өтті
Семей қаласындағы Горнизондық офицерлер үйінде өзге ұлттан құралған әскери қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл –менің тілім!» байқауы өтті. Жылда дәстүрге айналған байқаудың мақсаты – Ұлттық Ұлан сапында ел мүддесі жолында қызмет етіп келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, қазақ тілін жіті меңгеруін марапаттау.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Атырау облысында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 29 млн теңге бөлінді
Атырау облысында 2017 жылы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа 29 млн теңге бөлінді. Қаражат екі транш бойынша екі айдың ішінде игерілді, – деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Алматы экономикасының бар саласында өсім бар
Бүгін Алматы қаласының баспасөз қызметі шаһарда бірінші жарты жылдықта экономиканың барлық саласында өсім бар екендігі туралы мәлімдеді.
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Жас шаңғышылар Талғардағы спорт лагерінде болды
Шаңғы жарысымен айналысатын 60-тан астам бала 10-18 шілде аралығында «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніндегі жазғы спорттық-сауықтыру лагерінде бір апта болып қайтты. Балаларға арнап мәдени ойын-сауық іс-шаралар мен жаттығулардан тұратын тартымды әрі қызықты бағдарлама әзірленді.
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Мақтарал ауданы сапалы электр қуатымен қамтылды
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасының электр желілері пайдаланыла бастады.
ЭКСПО-2017 • 19 Шілде, 2017
Ресей Федерациясының павильонында мемлекеттің атомдық технологияларына арналған «Атом апталығы» ашылды. Салтанатты рәсімге «Росатом» корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары Кирилл Комаров, павильонның бас комиссары, Сауда және өнеркәсіп министрі Георгий Каламанов және ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев қатысып, тұсаукесер лентасын қиды.
Технология • 19 Шілде, 2017
Ескі дөңгелектің екінші «өмірі»
Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жылына 100 мың дөңгелек жарамсыз қалып, қоқысқа тасталады екен. Ал сол істен шыққан дөңгелектерді қайта өңдеу арқылы басқа да кәдеге жаратуға болады. Күні кеше ғана Алматы облысының Қарасай ауданында жылына 6 мың дөңгелекті қайта өңдей алатын жаңа зауыт іске қосылды.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Астанадағы қонақүйлер жалдау құнын бір айдың ішінде 24 пайызға қымбаттатыпты. «Еnergyprom.kz» ғаламтор көзінің мәліметінше, туристерді күтуші қонақүйлер, отельдер мен басқа да орындар саны жазғы маусымда 19 пайызға өссе, жекелеген нөмірлер саны 15 пайызға артқан.
ЭКСПО-2017 • 19 Шілде, 2017
«Күш машинасын» құралсыз бағындырды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі ең ерекше аймақтардың бірі – Аустрия павильоны. Онда «Күш машинасы» деп аталатын аттракциондардан және механизмдерден құралған тұтас бір құрылым орнатылған. Ол келушілерге ойын арқылы электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Биіктігі үш қабатты үймен бірдей болатын құрылым аумағы 870 шаршы метр павильонның барлығын алып жатыр. Осы биіктікті қазақстандық белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев ешқандай құрал-жабдықсыз бағындырады.