Соңғы жаңалықтар
Футбол • 20 Шілде, 2017
“Ордабасы” футбол клубы сатылды
Оңтүстік Қазақстандағы "Ордабасы" футбол клубы 500 млн теңгеге сатылды. Жаңа қожайын танымал клубты электронды сауда арқылы сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жекпе-жек • 20 Шілде, 2017
Чемпионатта топ жарған маңғыстаулық спортшылар марапатталды
9-16 шілде аралығында Астана қаласында карате-додан жасөспірімдер мен кадеттер арасында 16-шы және ересектер арасында 14-ші Азия чемпионаты өткен болатын. Чемпионатқа 24 ел қатысты, әр салмақ дәрежесінде әр елден бір спортшыдан рұқсат берілген және қатысушылардың жалпы саны 670 адам болған. 12-16 шілде аралығында өткен Азия Чемпионатында Ақтау қаласының карате спорт мектебінің 12 жасөспірімінің 9-ы медальға ие болды.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Маңғыстауда битумды түріктер өңдемек
Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов мұнай және газ саласына инвестиция тарту мақсатында «Биби Энерджи», «Энерво Энерджи» компаниясының өкілдерімен кездесті.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Мақтаарал ауданында жерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті
Мақтаарал ауданында жер реформасын жергілікті тұрғындарға түсіндіру, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік үшін қолданылып жатқан жерлерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Астананың кей жерлерінде көлік қозғалысы шектеледі
Астана қаласындағы Молдағұлова көшесінің кей жерлерінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Қазақстан – Оңтүстік Корея ынтымақтастық форумы өтті
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толуына орай, Астана қаласында екі ел өкілдері қатысқан ынтымақтастық форумы ұйымдастырылды.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Қазақстанда туу туралы куәлікті 3 сағатта алуға болады
Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туғанда куәлік беру, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Тараз қаласындағы «Арай» алқабының көшелері жөнделуде
Еліміздегі «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары бүгінде халық үшін тиімді болып отыр. Сондай-ақ, аталған бағдарламалар өңірлерде де өркен жайып, ел игілігіне айналуда. Соңғы жылдары Тараз қаласындағы «Арай» алқабынан жаңа тұрғынүйлер салынған болатын. Қалада жүргізіліп жатқан қарқынды құрылыс шаһардың көркіне көрік қосып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып келеді. Енді бүгінгі таңда «Арай» алқабындағы көшелер жөнделу үстінде.
Үкімет • 20 Шілде, 2017
Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалу барысымен танысады, деп хабарлайды primeminister.kz.
ЭКСПО-2017 • 20 Шілде, 2017
«Көзімнің қарасы» итальян тілінде шырқалды
Кеше елорда төрінде «Сан-Ремо жұлдыздары Астанада» атты Италияның эстрада əншілерінің қатысуымен думанды кеш өтті. Кеш шымылдығын ашқан Hit Italy тобы Абайдың «Көзімнің қарасы» əнін итальян тілінде шырқады.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Оңтүстіктен ЭКСПО көрмесіне көкөніс керуені аттанды
Астана қаласында 22-23 шілде күндері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.
Медицина • 20 Шілде, 2017
Арыстанбекті бірнеше жылдан бері білеміз. Орал қаласында қазақ-түрік лицейін тәмамдаған соң интернет арқылы емтихан тапсырып, бір мезгілде бірнеше жоғары оқу орнынан шақырту алған Арыстанбек грант ұсынған кейбір университеттерді аттап өтіп, Варшаваны таңдапты. Алғашқы жылдары оқу ақысын төлеудің өзі оңай болмаған. Ұлы мен қызын жалғыз тәрбиелеп отырған анасына артық салмақ салғысы келмейтіні түсінікті ғой. Оқуына да үлгеріп, бірнеше тілді меңгеріп, аудармашы болып ақша тауып, еңбекке араласқан Арыстанбектің әр жетістігіне қуанып, тілеулес болып жүреміз. Елге келген сайын кездесіп, пікірлесіп қалуға тырысамыз.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
100 жыл бұрын жасалған домбыра
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында Атырау облысының Астанадағы мәдениет күндері өтіп жатыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары мұнайлы аймақтың өнерпаздары дайындаған 20-дан астам әр түрлі қойылымдар мен концерттерге, дефиле мен көрмелерге куә болды.
Қарағандыдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қарағанды облысының мұражайлар аптасы» шарасының шеңберінде Жезқазған тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі ашылды. Экспозиция «Тарихтың үнсіз куәгерлері» деп аталады. Мұнда мұражайдың ашылуынан бастап 1978 жылдан бері жиналған ең қымбат жәдігерлері қойылған. Көрмеде Ұлытау-Жезқазған аймағының тарихымен танысуға болады.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Тірісінде басынан сөз, тұсынан жау асырмаған даңқты батыр өлген соң да көлденең дақпыртқа бағын ұстата қоймапты. Қазақ еркіндік алған тұстағы әлгі 300 жылдық тойдан соң да ширек ғасыр өтті. Абылайдың бас батыры, қазақ даласын жоңғардан азат ету жолында жылдарға созылған ұлы жорықтың ту ұстаушысы Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына – 325 жыл толыпты.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Астанада жол-көлік оқиғаларының саны кеміді
Астанада жарты жыл ішінде жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға кеміді. Жол апаттарының санын азайтуға арнайы кешенді бағдарлама арқылы қол жеткізудің мүмкіндігі туды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиаортылығы.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Алдағы күндері 41 градусқа дейін күн ысиды
Синоптиктер 2017 жылдың 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Қолданыстағы заң шеңберінде жауапкершілікке тартылып, белгілі бір деңгейде бас бостандығынан айырылған азаматтардың арқалаған жазасын жеңілдету мақсатында біздің елімізде қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру үдерісі мемлекеттік тұрғыда жүргізілуде. Бұл ретте ресми тілмен нақты жазылған кейбір заң жобаларының өзін халыққа тиянақтап, түсіндіріп берудің ешбір артықшылығы болмайтыны белгілі. Құқық қорғаушылар тарапынан қолға алынған мұндай шаралар да осы күндері жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Сот әділдігі – әлемдік талаптар деңгейінде
Әр адам, әр ұжым, әр мекеме өз міндеті мен өз салалары бойынша алға қойылған тапсырмаларды талапқа сай уақтылы орындап отырса, жақсарудың, дамудың жолы сол болмақ. Солардың бірі де бірегейі болып сот корпусы ерекшеленіп отыр. Мәселен, 2016 жылы сот жүйесі дамуында жаңа кезең басталды. Ұлт жоспарын практикалық орындаудың алғашқы нәтижелері республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының қатысуымен талқыланды. Елбасы атқарылған жұмыстарға жоғары бағасын берді.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Атырауда көше жарықтандыру жаңартылады
Атырау облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бірегей жоба жүзеге асырылады. Атырауда көше жарықтандыру желісінің құрылысы басталады. Қаладағы 39 көше жарықдиотты қосөлшемді шамдармен жабдықталады.
Спорт • 20 Шілде, 2017
Еліміздің жас шаңғышылары Алматыдағы сауықтыру лагерьнде бас қосты
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас шаңғышылар бір апта бойы Алматы іргесіндегі «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніндегі жазғы спорттық-сауықтыру лагерінде болып қайтты. Онда балаларға арналған мәдени ойын-сауық іс-шаралар мен жаттығулардан тұратын қызықты бағдарламалар әзірленді.
Ұлттық спорт • 20 Шілде, 2017
Бүгін Астанада Бәйге түрлері бойынша республикалық жарыс өтеді
«Қазанат» атшабарында Атырау облысының мәдени күндері аясында «Бәйге» түрлері бойынша республикалық жарыс өтеді.
Медицина • 20 Шілде, 2017
Әлеуметтік желі: кесел ме, көңіл күй ме?
Бүгінде Facebook, Instagram, Twitter сынды медиа платформаларды әлемдегі әр төртінші адам қолданады.
Күрес • 20 Шілде, 2017
Күресте де легионерлер "құтқара" ма?
Қазақта «Көтердім кірдің тасын 51 пұт» деп жырлаған Балуан Шолақ, сондай-ақ, Қажымұқан секілді білеу дене, шойындай сом тұлғалы балуандар көп болғандығы белгілі. Оның бер жағында Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров пен Шәміл Серіков, Олимпиада жүлдегері даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жетістіктері қандай десеңші?! Белдескенін алып та, шалып та жыққан осындай баһадүрлеріміздің дара жолы мен толайым табыстары өскелең ұрпақ үшін өнеге болуы тиіс емес пе? Әйтсе де, соңғы кездері күрес түрлерінен шетелдіктердің көмегіне жиі жүгініп жүрген жайымыз бар.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Азаматтарды қабылдаудың жаңа үлгісі
Бүгінде прокуратура органдарының қызметі заман талабына сай жаңа бағытта құрылып жатыр. Басым бағыттар айқындалып, жұмыс тәсілдері жетілдірілуде. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов прокурорлардың азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің арыз-шағымдарын жіті қарауына ерекше көңіл аударып, азаматтар құқығының нақты қорғалуын талап етуде.
Медицина • 20 Шілде, 2017
Биотехнологиялық қауіпсіздік берік қолда ма?
«Баяғыда бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты...» деп басталатын ертегілер жас сананы «бай бол, ол үшін төрт түлігің көп болсын» деп тәрбиелер еді. Қазақтың, көшпенді жұрттың мырзалығы да, салтанаты да, қанағаты мен дәулеті де осы төрт түлігі болыпты. Ерлігі мен елдігі де, жомарттығы мен сараңдығы да малымен өлшенген. «Малды басынан ұрма», «Малдың басын (алғашқысын) сойма, я сатпа», «Жемі жоқ бос ыдыспен шақырып, малды алдама» деген тыйым сөздер де бабаларымыздың ырыс-несібені қорадағы малынан іздегенін бағамдаймыз.
Ғылым және жалған атаққұмарлық
Ғылымды көбіне қоғамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін, ілгерілететін, алға жетелейтін ғылыми-техникалық прогрестің алғышарты ретінде қарастырып, ал рухани кемелдену тетігі ретіндегі рөлін бағалай бермейтініміз бар. Ғалым тұлғасы қашанда ерекше құрметке ие екенін елеп-ескерудің орнына жалған атаққа ұмтылушылықтың тамырына балта шаба алмай келе жатқанымыз сондықтан болу керек. Адамзат тарихына үңілетін болсақ, өркениеттің шарықтап дамуы ғылымға қалтқысыз еңбек еткен ұлы тұлғалар есімдерімен тығыз байланысты.
Оңтүстік Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Бiрде тым алыстан, бiрде тым жақыннан кiлкiген сағым аңызақтан түтiккендей болған Қаратауды әлдилегендей мың құбылады. Түркiстаннан шыққан тас жолда жүрдек көлiк Үкаша атаның құдығын бетке алып зулап келедi. Неге екенiн, бiздiң бала кезiмiзде Түркiстанды шәрi деушi едi. Сол шәрiде қызмет қылатын Асылхан мырзаңыз да бiзге елдi көрсетейiн деп, сапарымызды осы Үкашаның құдығынан бастағалы келе жатыр.
Оңтүстік Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Әрбір елде халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын мақтан тұтса, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді ұлық етеді. Қазақ елінде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Осындай қасиетті орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің болашағы жас ұрпаққа тереңірек таныстыру маңызды.
Оңтүстік Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Таңқурай жегің келсе Қазығұртқа кел
Қазығұрт – таулы аудан. Әйгілі «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған» деп сан ғасырлардан бері халық аузында айтылып келе жатқан әпсана өңірі енді бағбандарға таңсықтау таңқурай өсіре бастады.