Соңғы жаңалықтар
ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған бірқатар үздік тәжірибе «Болашақ энергиясы» форумының қатысушыларына толығырақ таныстырылды. Оның қатарында австриялық компанияның күн энергиясын шоғырландыру жобасы мен су электр стансаларына арналған құрал-жабдықтары бар.
ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
Ұлыбритания өкілдерімен жүздесті
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов Ұлыбританияның Сауда және инвестициялар министрі Грег Хэндспен және ұлттық секция комиссары Чарльз Хендримен кездесті. Тараптар басқосуда екі елдің қарым-қатынасы, баламалы энергетика мәселелері мен британ павильоны жайында әңгіме өрбітті.
ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
Сутекті энергияның пайдасы шаш-етектен
ЭКСПО-2017 көрмесі еліміз бен шет елдерден келген әр сала мамандарының пікір алмасатын, тәжірибе бөлісетін алаңына айналды. Қалашық аумағындағы Конгресс орталықта сутекті энергияға қатысты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Жыл басынан бері Атырау облысында 291,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Саладағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22,6 пайызға көбейген. Қазір «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 37 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Бизнес • 21 Шілде, 2017
Отынның жаңа түрі – тиімділік кепілі
Еліміздегі ғылым мен білімнің ілгері қарыштап дамуында мұнай-газ өндірісінің өзіндік орны бар. Оған дәлел Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай мен газ кен орындарынан шикізат қорының табылуы. Ол Қызылорда облысындағы кен орындарының ғана емес, республикамыздың өндіріс орындары мен халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына да өз септігін тигізуде.
Қадағаңның – атақты ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Қазақ осы!» деген атпен кең таралған, тамаша мақамды әнмен шалқыта шырқалатын өлеңін білмейтін адам кемде-кем болар, сірә. Шетелдік мейманға қазақты таныстыру ретімен жазылған өлеңнің айтары астарлы, мағынасы қатпарлы. Осындай форма арқылы кеңестің әр сөзден пәле іздеген қырағы көздерін адастырып кеткен ақын шын мәнінде қазақ деген халықтың жан дүниесін, бекзат болмысын жарқыратып ашып, көзіқарақты жұртқа ұлттың керемет қасиеттерін тамыршыдай тап басып таныта білген.
Үкімет • 21 Шілде, 2017
Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптасып келеді
Үкіметтің баспасөз орталығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналған арнайы брифингтер легін кеше кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру тақырыбында жалғастырды. Оған Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова қатысып, Ұлт жоспарының бірінші бағыты бойынша атқарылған жұмыстар жайын баяндады.
Жеңіл атлетика • 21 Шілде, 2017
Жеңіл атлеттерімізді жеңісімен құттықтады
Кеше Астанада Президент Әкімшілігінің Басшысы, еліміздің Жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Үкімет • 21 Шілде, 2017
Солтүстіктегі соны серпілістер
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болып, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Елбасы қойған міндеттердің орындалу барысымен танысты. Бірқатар шаруашылық, кәсіпорындарды аралап, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған республикалық кеңес өткізді.
Білім • 21 Шілде, 2017
Тіл тазалығына ерекше мән беру керек
– дейді филология ғылымдарының докторы, академик Рәбиға Сыздықова.
ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
Қазақстан үшін болашақта жел энергетикасының маңызы өте зор болмақ. Өйткені, соңғы зерттеулер Қазақстанның жел әлеуеті өте жоғары екендігін көрсетті. Ол жылына 920 миллиард киловатт-сағат деп бағаланып отыр. Бұл – әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда, үздік көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ, өз еліміздегі басқа табиғи қуат көздерінен де көп жоғары тұр. Салыстыру үшін айта кетейік, энергия тиімділігін бағалау саласында инжинирингтік және консалтингтік қызмет көрсететін Energy Partner компаниясының мамандары Қазақстандағы күн энергетикасы жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат, ал гидроэнергетика саласы жылына 30 миллиард киловатт-сағат энергия өндіре алады деп есептеп шығарған. Демек, Қазақстанның жел энергетикалық әлеуеті суға қарағанда 30 есе, күн энергетикасына қарағанда 350 еседен астам жоғары.
Футбол • 21 Шілде, 2017
«Қайрат» Еуропа лигасынан шет қалды
Алматының «Қайраты» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Албанияның «Скендербеу» командасымен екінші рет күш сынасып, 0:2 есебімен есе жіберді.
Футбол • 21 Шілде, 2017
«Ертіс» сырт алаңда «Црвена Звезда» командасына есе жіберді
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Павлодардың «Ертісі» сырт алаңда Сербияның «Црвена Звезда» командасымен кездесіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды.
Ұлттық спорт • 20 Шілде, 2017
Астанада Бәйге түрлерінен республикалық «ЭКСПО-2017» кубогы өтті
Бүгін елордадағы «Қазанат» атшабарында Атырау облысының мәдени күндері аясында Бәйге түрлері бойынша республикалық жарыс өтті. Шараны Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Атырау облысының әкімдігі және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырды.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Димаш Құдайберген MTV Music awards жүлдесін алды
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдегі ең үлкен музыкалық марапаттардың бірін еншіледі. Бұл туралы әншінің менеджері Алпамыс Шаримов Инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Астана қаласында «Қазақстан-Түркия достық әуендері-2» атты концерт өтті
Биыл Қазақ елі үшін ерекше жыл. Елорда төрінде әлем назарын аударған ЭКСПО көрмесі өтіп жатыр. Жаһандық көрме аясында Астана қаласында Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы «Қазақстан-Түркия достық әуендері-2» атты концерт өткізді.
Қазақстан • 20 Шілде, 2017
Дарын мемлекеттік сыйлығына байқау жарияланды
Қазақстандық жастардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметтегі жемісті еңбегі үшін берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев өзінің Facebook парақшасында жазды.
Үкімет • 20 Шілде, 2017
Сағынтаев Петропавлдағы инфрақұрылымды дамыту барысымен танысты
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Петропавлдағы тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және спорт нысандарының, инфрақұрылым және инженерлік коммуникациялардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Үкімет • 20 Шілде, 2017
Премьер-Министр жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстанда болды
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болып, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған республикалық кеңес өткізді. Бірқатар кәсіпорын-шаруашылықтарды аралады.
ЭКСПО-2017 • 20 Шілде, 2017
Ұлттық ұлан жауынгерлері «ЭКСПО-2017» көрмесін аралады
Бүгін Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінің жауынгерлері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалады.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті
Бүгін Астана қаласында өткен бос орындар жәрмеңкесінде білім, денсаулық сақтау, құрылыс салалары, қонақ үй қызметі, автопарк және Ішкі істер органдарынан 60-қа жуық жұмыс беруші мыңға жуық бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Ертең Астанада электр қуаты сөндіріледі
21 шілдеде Астанада жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты 10/0,4 кВ электр желілерінде қуат көзі сөндіріледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Үкімет • 20 Шілде, 2017
Сағынтаев Петропавл әуежайын дамыту перспективаларымен танысты
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Петропавл» Халықаралық әуежайын жөндеу барысымен және оның транзиттік әлеуетін дамыту перспективаларымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
Жамбыл облысында мәрмәр ұнтағын өндіретін зауыт ашылды
Бүгін Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан «Қаратау ПРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәрмәр ұнтағын өндіретін кәсіпорыны ашылды. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Талас ауданына арнайы барып, зауыттың ашылу рәсіміне қатысты.
Футбол • 20 Шілде, 2017
Әлемді мойындата алмаған талантты футболшылар (видео)
Жасыл алаңда өзіндік өнерімен көзге түсіп, көптеген сарапшылардың жоғары бағасына ие болған футболшылар көп болған. Бірақ дарын бар да, оның бағының жануы бар. Футбол тарихында болашағынан үлкен үміт күттірген таланттар көп болған.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
ОҚО-да «KAZAKH INVEST» өкілдігі өз жұмысын бастады
Биылғы жылдың маусым айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында елге шетелдік инвестициялар тарту және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ өңірлік өкілдігі жұмыс істей бастады.
Театр • 20 Шілде, 2017
Астанада қазақ театры салынады
Астанада қазақ театрын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Жеңіл атлетика • 20 Шілде, 2017
Әділбек Жақсыбеков Азияның үздік жеңілатлеттерін марапаттады
Астанада жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
ОҚО-дағы жаушықұмдық жастардың жоспары көп
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының жастары үшін жұмыссыз қарап жату деген жат тірлік. Әсіресе, диқаншылықты жанына жақын тұтқан жас жігіттер қыс аяқталысымен-ақ егістік алқапқа шығып, қарекетке кіріседі. Биыл ауылдағы 15 белсенді жас өзара бірлесіп, егіс бригадасын құрды. Сөйтті де теңіз жағасындағы бос жатқан жерді жыртып, жамылғы астына қарбыз екті. Нұрсұлтан Есенбеков бастаған белсенді жастар бригадасы кешегі аптада алғашқы өнімді жинап, сатылымға шығарды.
Үкімет • 20 Шілде, 2017
Сағынтаев СҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісіндегі технологиялармен танысты
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев солтүстік қазақстандық «Зенченко және К» көпбейінді аграрлық кәсіпорнының жұмысымен танысты, онда мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске асырылған, деп хабарлайды primeminister.kz.