ат
Инфляция • 08 Сәуір, 2026
Қазақстанда инфляция деңгейі алты ай қатарынан төмендеп келеді
Елімізде инфляция деңгейінің төмендеу үрдісі қатарынан 6 ай бойы сақталып отыр. Соңғы деректерге сәйкес, 2026 жылдың наурызында инфляция 0,6% болды, ал жылдық көрсеткіш 11,0%-ға дейін баяулаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 07 Сәуір, 2026
Биыл музейге 822 мыңнан астам адам барған
Қазақстанда музей мәдениетіне деген қызығушылық артып келеді. 2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ел музейлерін 822 791 адам тамашалаған. Бұл саладағы жүйелі жұмыстың нәтижесі және халықтың мәдениетке бетбұрысының айқын көрінісі, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 07 Сәуір, 2026
Сезініп көруге болатын фотокөрме: Алматылықтар «су астындағы өмірді» тамашалады
Алматыда еліміздің су асты маржандары мен сирек кездесетін жануарларды қорғау мәселесін қозғайтын «Көзге көрінбес әлем: су астындағы қала» атты фотокөрме ашылды. Бір жағынан көрме халықаралық ғалымдар мен отандық зерттеушілердің теңіз тіршілігіне қорған болып, биоалуандығын сақтауға үндейтін фотожұмыстарының басын қосып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
«NBC TV» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «NBC TV» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Сәуір, 2026
Президент бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 07 Сәуір, 2026
Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалда бақ сынайды
Бокстан ел құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдағы өнерін аяқтады. Ұлттық құрама сапынан соңғы болып 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандар өздерін ақтауды талап етті
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар кассациялық шағым түсіріп, толық ақтауды талап етті. Бұл туралы жәбірленуші тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді, декп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
Алматыда әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалып кеткен жалғыз ұлының мәйіті табылды
Алматыда белгілі әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Бұған дейін ол 24 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 07 Сәуір, 2026
Премьер-министр Алматы ЖЭО-ларына қатысты объективті ақпарат беруді тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту барысын талқылап, жұмыстың қарқыны төмендемеу керектігін қатаң ескертті. Сонымен қатар, жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Сәуір, 2026
Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты
Панаманың Ла-Бока ауданында орналасқан мұнай қоймасы маңында жанармай танкерінде күшті жарылыс пен өрт болды. Оқиға жақын маңдағы Panama Oil Terminals S.A. компаниясының нысандары жанында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 07 Сәуір, 2026
Сабыржан Аққалықов Моңғолия боксшысын мерзімінен бұрын жеңді
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері жалғасып жатыр. Бүгін күндізгі сессияда 3 боксшымыз шаршы алаңға шығып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Әлеуметтік желілер ақпарат таратудың негізгі алаңына айналған бүгінгі заманда жеделдікпен қатар жауапкершілік те арта түсті. Бас прокуратура азаматтарды тексерілмеген мәліметтерді таратудан сақ болуға шақырып, «цифрлық қауесеттердің» қоғамға төндіретін қатеріне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Сәуір, 2026
Құқықтық сауаттылық: Бектенов халыққа арналған кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеуді тапсырды
Елде Конституция нормаларын кеңінен түсіндіруге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға тиісті іс-шаралар жоспарын толық әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Күдікті тергеу изоляторына қамалды
Алматы қалалық Полиция департаменті Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасына қатысты күдікке ілінген Zeekr автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 07 Сәуір, 2026
Алматыда дәріханалар рецептісіз дәрі сатқан: Қылмыстық іс қозғалды
Елімізде 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында есірткі және психотроптық дәрілердің айналымы тексерілді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 07 Сәуір, 2026
Астана, Алматы қалалары бойынша ақша айырбастау орындарында доллар, еуро, рубль, юань бағамы ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 06 Сәуір, 2026
Алматы полициясы азаматтық көлікпен жасырын рейд жүргізіп жатыр
Ішкі істер министрлігі Алматы қаласында «STOP бұзушылық» тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Сәуір, 2026
Екі қызметкер зардап шекті: Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасағандар ұсталды
Атырау облысының Мақат ауданында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдіктілердің барлығы анықталып, ұсталды. Оқиға кезінде мас күйдегі бір топ жас агрессивті әрекет танытып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2026
Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті
Апат таңғы уақытта, балалар сабаққа бара жатқан кезде болған. Оқушы қыз жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан. Сол сәтте оны көлік қағып, алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 06 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Биыл Алматыда 550 мыңнан астам ағаш отырғызылады
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматыда кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жалғасып келеді. Биыл шаһарда 550 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 06 Сәуір, 2026
Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді
Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері басталды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 06 Сәуір, 2026
Алматы облысында әлемдік деңгейдегі кинопавильон салынып жатыр
Алматы облысының Қаскелең қаласында әлемдік деңгейдегі «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды. Бұл жоба өңірдің ғана емес, тұтас елдің креативті индустриясын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Сәуір, 2026
АҚШ-та Ақ үй маңында атыс болды
АҚШ-тың Құпия қызметі Ақ үй маңында болған атыс оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 06 Сәуір, 2026
Алматыда жұрттың мазасын алған шетел азаматтары елден шығарылды
Сот шешімімен шетел азаматтары ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылып, оларға қайта кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 06 Сәуір, 2026
«Қайрат» өз алаңында «Астананы» ірі есеппен жеңді
Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында орталық матчта алматылық «Қайрат» өз алаңында «Астана» командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2026
Ақмола облысында Шөптікөл бөгеті бұзылды
Ақмола облысы Қорғалжын ауданында Шөптікөл бөгеті бұзылды. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды
Қарағанды облысында вахталық жұмысшыларды тасымалдаған автобус жол апатына ұшырап, аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 06 Сәуір, 2026
Оңтүстік өңірлерде 65 мың гектар жерді суаратын каналдар цифрландырылады
Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде оңтүстік өңірлерде ауқымды цифрландыру жұмыстары қолға алынды. Жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық каналды автоматтандыру басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2026
Курчатов ғылым қалашығына айналады: Даму жоспары әзірленді
Абай облысында Курчатов қаласын ғылым қалашығына айналдыру мәселесі талқыланды. Ғылым мен инновацияны дамыту 2026-2030 жылдарға арналған өңірлік жоспарға енгізілген. Бұл бағытта арнайы кеңес жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Сәуір, 2026
800 мың теңге: Павлодарда нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды
Павлодар облысында полиция жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйелдің заңсыз әрекетін әшкереледі. Алдын ала мәліметке сәйкес, 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы болашақ баласын сатып алатын адамдарды іздеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның бұл әрекеті анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.