ЕС
Әлем • 03 Шілде, 2024
Ресей мен Түркия Президенттері Астанада кездесті
3-4 шілдеде өтетін ШЫҰ саммитіне қатысуға келген Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған Астанада кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 03 Шілде, 2024
Қазақстан шахматшысы Сербияда күміс олжалады
Сербияның бас шаһары Белградта есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Шілде, 2024
Су тасқыны: Бизнестің мүлік шығынын өтеуге 12 млрд теңге бөлінді
Үкімет алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 03 Шілде, 2024
Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 03 Шілде, 2024
Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қазақстан • 02 Шілде, 2024
Елімізде шегірткеге қарсы 2 млн га алаң өңделді
Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары толығымен аяқталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Шілде, 2024
«Азия балалары»: Отандасымыз ағаш тартудан жүлдегер атанды
Ресейде өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында отандасымыз Мирас Мұратбеков мас-рестлингтен қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Шілде, 2024
Марат Қарабаев Қытай көлік ведомствосының басшысымен кездесті
Астанада ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың ҚХР Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 02 Шілде, 2024
Сарайшықтан көне кесененің дромосы табылды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері археологиялық қазбадан көне кесененің дромосын тапты. Ғалымдар бұндай нысан бұрынғы зерттеулерде кездеспегендігін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Шілде, 2024
Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды
Шымкентте семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Шілде, 2024
Атырауда алғашқы жүк вагондары шығарылды
Жаңа инвестжоба – Атырау вагон құрастыру зауыты ашылды. Мұнда жыл сайын 6 000 вагон құрастыру жоспарланып отыр. Зауыттың ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 02 Шілде, 2024
Азия чемпионаты: Бұрымды балуандар жеті медаль жеңіп алды
Қазақстан командасы әйелдер күресінен Иорданияда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында 7 медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Шілде, 2024
Астана күніне орай бұқаралық велошеру өтті
Астана күніне орай бұқаралық велошеру ұйымдастырылып, оған 700-дей әуесқой спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 01 Шілде, 2024
Азия чемпионаты: Грек-рим күресінен балуандар үздік атанды
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан балуандары үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Маусым, 2024
Танысының атына несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Ақмола облысы Зеренді ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, оның атына банктен 2 млн теңге шамасында заңсыз несие рәсімделгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық • 27 Маусым, 2024
AMANAT депутаттары Үкімет есебін тыңдады
Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар Үкімет мүшелерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 27 Маусым, 2024
«Рельстен шығып кеткен»: Ресейде жолаушылар пойызы апатқа ұшырады
Ресейде Воркута-Новороссийск жолаушылар пойызының тоғыз вагоны рельстен шығып, аударылған. Шамамен 70 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Маусым, 2024
Астанада ШЫҰ Іскерлік кеңесі Алқасының отырысы өтеді
Ертең, 28 маусымда Астана қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Райымбек Баталовтың төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесі Алқасының 25-ші отырысы өтеді. Іс-шара барысында ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен перспективаларын талқылау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2024
ТМД сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
2024 жылғы 20 маусымда Беларусь Республикасы Минск қаласында стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 65-отырысы аясында өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін 2023 жылғы ТМД сыйлығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Атамкен ҰҚП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Маусым, 2024
Шымкенттегі жеке үйден аса ірі есірткі зертханасы анықталды
Шымкент қаласы «Бозарық» шағын ауданында орналасқан жеке үйде синтетикалық есірткі дайындау зертханасы анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Маусым, 2024
Әйелдер күресінен Азия чемпионаты: Алты балуан қола жүлдегер атанды
Әйелдер күресінен (Иорданияда) Азия чемпионатында (U17) Қазақстан командасы жалпы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 26 Маусым, 2024
ҰҚК құны 17 млрд теңге болатын есірткі заттарын тәркіледі
Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша 96 операция жүргізді, оның ішінде 23-і шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Маусым, 2024
Азия чемпионаты: Семсершілер 9 жылдан кейін қола жүлде жеңіп алды
Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында қылыш сайысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Маусым, 2024
Атырауда 7 жасар қыздың үстіне ескірткіш құлап, қайтыс болды
Кеше Атырауда толассыз жаңбыр жауып, Жеңіс саябағындағы ескерткіш 7 жасар қыздың үстіне құлап кетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Әріптестік мәселесі талқыланды
Елордада «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығы Қытай Медиакорпорациясы Еуразия бюросының директоры Ван Биньді қабылдады. Кездесу барысында тараптар баспасөз саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.
Сенат • 25 Маусым, 2024
Сенат спикері ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Маусым, 2024
Азия чемпионаты: Үш балуан үздік үштікке енді
Иордания шаһары Хашимитте күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгілер арасында Азия біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2024
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстанда болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 24 Маусым, 2024
Қазақстан су шаруашылығына 500 млрд теңгеден астам инвестиция салады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елдегі сумен жабдықтау жүйесін ауқымды реконструкциялау жұмыстары басталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Маусым, 2024
ҰБТ-2024: Талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинады
Негізгі ҰБТ басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, сондай-ақ 171 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.