«Аналардың жүрегі»
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2025
Әскердегі моральдық-психологиялық ахуалды тұрақтандыру тетіктері
Бүгінде әскердегі көңілге қаяу түсіретін келеңсіздіктің алдын алу бағытында жұмыстар күшейтілген. Бірінші кезекте нормативтік-құқықтық база жетілдіріліп, ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттар әзірленген. Сондай-ақ, әскердегі моральдық-психологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында әскери психологтар арнайы біліктілікті арттыру курстарынан жүйелі түрде өткізіледі. Әскердегі әлімжеттік пен қайғылы оқиғалардың алдын алу бағытында қолға алынған өзге де бірегей бастамаларды ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Психологиялық және әскери-әлеуметтік жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Арман Қалышев айтып берді, деп жазады Egemen.kz.