«Балуан тас» сапары
Мәдениет • Бүгін, 12:52
«Балуан тас» сапары: Сайрам мен Ордабасыда рухани-танымдық зерттеу басталды
Түркістан облысында «Қазақ күшінің картасы» мәдени-танымдық жобасы аясында ұйымдастырылған «Балуан тас» экспедициясының алғашқы күні Сайрам және Ордабасы аудандарында өтті. Ұлттық баһадүрлік мұраны жаңғыртуға бағытталған сапар тарихи нысандарды зерделеу мен тың деректерді жинауға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.