«Егемен Қазақстан» газеті
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Ұлт баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстанға» – 106 жыл
1919 жылдың 17 желтоқсанында «Ұшқын» деген атпен алғашқы саны оқырманға жол тартқан «Егемен Қазақстан» газетінің жарық көргеніне бүгін 106 жыл толып отыр. Бір ғасырдан астам уақыт бойы қазақ руханиятының темірқазығы болып келе жатқан басылым ел тарихының шежіресіне айналды.