«Мағжан орталығы»
Ғылым • 14 Тамыз, 2025
Еліміздегі алғашқы ғылыми-мәдени хаб – «Мағжан орталығы» ашылды
Петропавл қаласында ұлт ақыны, ойшыл, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың есімін иеленген еліміздегі алғашқы ғылыми-мәдени хаб – «Мағжан орталығы» ашылды. Жаңа орталық тек тарихи мұраны жаңғырту орны ғана емес, ғылыми зерттеулер, мәдени-ағартушылық бағдарламалар, халықаралық диалогтар мен шығармашылық жобалар жүзеге асатын заманауи зияткерлік кеңістік болмақ. Оның ашылуы Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдени және рухани серпілістің айқын белгісіне айналып, 11–17 тамыз аралығында өңірде өткен халықаралық іс-шаралар легінің маңызды бөлігі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.