«Kid Security»
Қоғам • Бүгін, 17:50
TikTok-қа телмірген толқын: Балалар қанша уақытын әлеуметтік желіде өткізеді?
Цифрлық дәуірде әлеуметтік желі өмірдің бір бөлшегіне айналғаны ақиқат. Қарым-қатынас құралынан бастап ақпарат алаңына дейінгі аралықтағы адам сұранысына жауап беретін желіні ересектер өмірінен сызып тастауға әсте келмес. Десе де оң мен солды анық айыра алмайтын балалар үшін желіні қолданудың шегі мен шекарасын шегелеу маңызды. Ата-ана үшін телефон «баланы тыныштандыратын құралға» айналған тұста балалардың оның пайдасынан теріс әсерін көбірек бойына сіңіріп жатқанына мысал көп, деп жазады Egemen.kz.