«Memories.ai»
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:40
Экрандағы әрбір қимылды қалт жібермейтін көмекші пайда болды
«Memories.ai» мен «Qualcomm» компаниялары жасанды интеллект негізіндегі ерекше көмекшіні таныстырды. Ноутбуктер мен үй компьютерлеріне арналған бұл жүйенің басты жаңалығы – «визуалды жад» технологиясы. Яғни ассистент пайдаланушының экрандағы күнделікті әрекеттерін үздіксіз бақылап, қосымшаларда, құжаттарда және бейнеқоңыраулар кезінде болған барлық үдерісті тіркеп, автоматты түрде индекстеп отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.