Абайтану
Абай • 12 Наурыз, 2025
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай академиясының» 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі беріліп, болашақ бағдары таныстырылды. Сондай-ақ «Қазіргі Қазақстан және Абай Құнанбайұлының мұрасы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар аспектісінде» жобасы негізінде жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті.
Әдебиет • 20 Ақпан, 2022
Бүгінгі әңгіме тоқсанның төріне шығып отырған қазақ руханиятының абызы, абайтанушы ғалым Мекемтас аға Мырзахметұлы хақында болмақ. Тоқсан – екінің біріне бұйыра бермейтін жас. Жеткен кісі жер таянып әзер жететін меже, қалай десек те бұл жастың жөні бөлек, қандай құрметке де лайық. Ал енді, Мекемтас аға туралы сөз басқа. Өмірін ғылымға арнаған ғұламаның жұрт жер таянып жететін сол тоқсаныңызға ой таянып жеткенін көрдік. Дейтұрғанмен ол кісі халқына жасаған жасымен емес, тындырған ісімен қадірлі.
Президент • 15 Қазан, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті
Қазақстан Президенті алдымен мәдени-спорт кешеніндегі көрмені тамашалады. Мемлекет басшысына Абайдың сирек кездесетін кітаптары, "Абай әлемі" сериясы бойынша шыққан кітаптар мен филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының ақын шығармашылығына арналған көптомдығы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz