Абзал Нарымбетов
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды
Каспий құбыр концорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылы Қазақстанның мұнай экспорты қаншалықты осал екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бір бағытқа тәуелді тасымал жүйесі ел экономикасын миллиардтаған шығынға ұшыратып, энергетикалық қауіпсіздік мәселесін күн тәртібіне шығарды. Energy Analytics директоры Абзал Нарымбетов бұл жағдайды «тарихи қателік» деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Украинаның КТК-ға шабуылы: Ахуалға байланысты сарапшылар не айтады?
Бірер күн бұрын Украина тарапы кезекті рет Каспий құбыр консорциумына (КТК) шабуыл жасады. 29 қараша күні, Астана уақыты бойынша таңғы сағат 06:00-де Новороссийск қаласында орналасқан порт ауданындағы теңіз инфрақұрылымына ұшқышсыз құрылғылар шабуылдаған. Салдарынан айлақтағы тиеу қондырғысы (АТҚ-2) істен шығып қалды. Танкерлер терминал акваториясынан тыс жерге шығарылған. КТК арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ын экспорттайды. Әрине, геосаяси жағдай ушыққан 2022 жылдың ақпанынан бастап мемлекет мұнай тасымалын әртараптандыру жолдарын қарастыруға кірісті. Алайда КТК сияқты алпауыт құбырды кез келген тасымал жолы оңайшылықпен алмастыра салмайды. Бұл – түсінікті жәйт. Украина шабуылына қатысты әуелі Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, одан соң Украина Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.