Адал білім
Білім • 09 Желтоқсан, 2025
«Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай Maqsut Narikbayev University-де Академиялық адалдық лигасының «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форумы өтті. Оған Агенттік төрағасы Д.Жазықбай, Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Ж.Сүлейменова, MNU Басқарма төрағасы Т.Нәрікбаев және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Сондай-ақ басқосуға орта білім беру ұйымдарының өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен мемлекеттік органдардан 300-ден астам адам жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.