БҚО компаниялары
Қазақстан • 30 Маусым, 2025
БҚО-ның бизнес өкілдеріне Қытайда тегін кеңсе беріледі
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Цзянсу провинциясының ірі өндірістік және сауда конгломераттарының бірі – Jiangsu SOHO Holding Group мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді. Аталған кездесу ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударатын Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық байланысты нығайту аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.