БҚО соты
Қоғам • Бүгін, 15:40
Референдумға қатысты заңсыз сауалнама жүргізген ақпараттық агенттікке айыппұл салынды
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты ақпараттық агенттікке қатысты істі қарап, сайлау заңнамасын сақтамай қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгені үшін жауапкершілік жүктеді. Сот шешімімен жауапты серіктестікке айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.