Дінмұхаммед Бектұрған
Қоғам • 16 Қаңтар, 2025
Дінмұхаммедтің батылдығы кейінгі жастарға үлгі - Нұрлыбек Нәлібаев
Оныншы қаңтар күні «Қызылорда-Астана» бағытындағы ұшақ бортында денсаулығы күрт нашарлаған жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалған Астана медицина университетінің 7- курс студенті, қызылордалық Дінмұхаммед Бектұрғанды осы оқиғадан кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрліктің «Құрмет грамотасымен» марапаттаған болатын. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев оның ата-анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен кездесті.