Ермек Серкебаев
Руханият • Бүгін, 08:30
«Астана Опера» театры қазақтың аңызға айналған баритоны, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған ауқымды концерттер легін бастады. Өнер ордасы әншінің рухына тағзым етіп, сахна саңлағының шығармашылық мұрасын жаңғыртуға бағытталған арнайы жобаны көрермен назарына ұсынды.