Ең қымбат қала
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Өмір сүру құны ең жоғары қалалар аталды
Сербиялық Numbeo онлайн-платформасы әлем қалаларының тұрмыс шығындарын салыстырып, биылғы ең қымбат шаһарлардың рейтингін жариялады. Бағалау кезінде тұрғындардың күнделікті шығындары – азық-түлік, көлік, коммуналдық қызмет және мейрамханадағы бағалар ескерілді. Негізгі көрсеткіш ретінде Нью-Йорктегі өмір сүру құны 100 баллға тең деп алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.