Е.Төлеутай
Кино • 28 Қараша, 2025
Ерлан Төлеутай халықаралық байқауда «Үздік актер» аталымына ие болды
Арқа жұртының мақтанышы, белгілі дәстүрлі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай халықаралық деңгейдегі қос бірдей жоғары марапатқа ие болды. Ирландияның Дублин қаласында өткен XIII Silk Road International Film Festival қорытындысында режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай «Үздік актер» жүлдесін иеленген, деп хабарлайды Egemen.kz.