Е. Смолякова
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Тегін тамақтандыру: Мектептер онлайнға көшкенде кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді?
Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының өкілі Екатерина Смолякова мектептердегі тегін ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде бюджет қаражатын жоспарлау мәселесін көтеріп, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Талдау нәтижесі бірқатар өңірде қаржыны нақты қажеттіліктен артық жоспарлау фактілері бар екенін көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.