ЖИ олимпиадасы
Зерде • 08 Тамыз, 2025
Жасанды интеллект олимпиадасында Қазақстан оқушылары рекордтық жетістікке жетті
Қазақстан құрамасы мектеп оқушыларына арналған Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI 2025) үздік нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Алтын медаль иегерлері – Қасымқан Жәнібек, Әбу Қанабек және Сұлтанби Исатай атанса, күміс медальді Аушахман Тәлім жеңіп алды, ал қола медаль Тимур Шакуов, Дәужан Бекетов пен Сұлтанбек Сарыға бұйырды. Сондай-ақ, IOAI ұйымдастыру комитетінің мақтау қағазымен Батыр Ерденов марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.