Жас шектеуі
Әлем • 16 Қазан, 2025
Қытай мемлекеттік қызметке қабылдау жасын ұлғайтты
Қытай Халық Республикасы мемлекеттік қызметке қабылдау жасына қатысты шектеуді өзгертті. Жаңартылған тәртіп бойынша мемлекеттік қызметке үміткерлер үшін жоғарғы жас шегі 35 жастан 38 жасқа дейін көтерілді. Ал магистрлік не докторлық дәрежесі бар азаматтар үшін бұл меже 40 жастан 43 жасқа дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz China Daily-ге сілтеме жасап.