Жүректің көзі
Руханият • 21 Сәуір, 2025
Ғұмырының соңғы бел-белесінде Абайдың ішкі әлемінде үлкен рухани реставрация жүреді. Қоғамды түзетпек болған хәкім ендігі жерде өзімен айналысуды құп көреді. Осылайша әлемді жөнге салу адамның өзін жөнге салуынан басталатынын іс жүзінде сезінеді. Ақыры «тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма» деп, оның көзін ашуға барын салады.