Жұмыссыздарға арналған төлем
Қоғам • Бүгін, 17:45
Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?
Жұмыстан айырылып, жалақыдан қағылған сәтте бірден қаржысыз қалдым деп қапаланбаңыз. Егер ресми түрде жұмыс істеп, ай сайын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қаржы аударып отырған болсаңыз, мемлекет сұранысыңызға сай бос жұмыс орнын ұсынады. Екі тараптың талап-тілегі ұштаспаған жағдайда жұмыссыздық жәрдемақысын алу мүмкіндігі қарастырылған. Десе де әлеуметтік төлемді алудың өзіндік талаптары бар. Ендеше, жұмыссыздық жәрдемақысын алу шарттарымен таныс болыңыз, деп жазады Egemen.kz.