ИСЕСКО
Өнер • 13 Ақпан, 2026
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі ислам әлемінің мәдени қазынасы ретінде халықаралық деңгейде мойындалды. 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында ұлттық ою-өрнекті беделді тізімге енгізу туралы шешім қабылданды. Қуанышты хабарды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сүйіншіледі, деп жазады Egemen.kz.