Мектепке дейінгі біліммен қамту
Білім • 05 Наурыз, 2025
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 %-ға артады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балабақшаларды іске қосу бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.