Милан және Кортина-2026
Қысқы спорт • Бүгін, 11:07
Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында Қазақстан туын Михаил Шайдоров алып шықты
Күні кеше Милан және Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарындары мәресіне жетті. Тарих қойнауына бет алған тағы бір төртжылдықтың басты додасы Италияның Верона қаласында қорытындыланды. Әлемнің 94 елінен 2 917 спортшы бақ сынаған бәсекенің ресми жабылу салтанаты үшін екі мың жылдан астам тарихы бар әрі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатры таңдалған, деп жазады Egemen.kz.