Мөңке би
Мәдениет • 22 Қыркүйек, 2025
Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы атап өтілді
Ақтөбеде тарихи тұлға, қазақ хандығы дәуірінің ірі өкілі, көреген би, өз заманының ойшылы Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына арналған кең көлемде іс-шаралар өтті. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық театр сахнасында «Мөңке би» тарихи драмасы сахналанды. Облыс орталығының іргесіндегі Ақшат елдімекенінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ пен асық атудан сайыс өтіп, ат бәйгесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.