Онкологиядағы инновациялар
Медицина • 17 Қараша, 2025
Онкологиядағы инновациялар: заманауи терапия және ғылыми зерттеулер таныстырылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен Nazarbayev University Биомедициналық зерттеу орталығының қызметімен танысты. Президенттің медицинада озық технологияларды қолдану және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.