Оңтүстік Кореядағы өрт
Оқиға • Бүгін, 10:46
Оңтүстік Кореядағы өрт: Жоғалып кеткен Қазақстан азаматының сүйегі табылды
Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін Қазақстан азаматы жоғалып кеткен еді. Үздіксіз іздеу жұмыстарының нәтижесінде отандасымыздың сүйегі табылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты, деп жазады Egemen.kz.