Посткеңестік елдер
Экономика • 14 Тамыз, 2025
Қазақстан жалпы ішкі өнім өсімінен посткеңестік елдер арасында көш бастады
Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес, осы жылы еліміздің тұрғын басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі айтарлықтай өскен. Еліміздің бұл көрсеткіші 14,77 мың долларды құрап, Ресейдің 14,26 мың және Түрікменстанның 13,34 мың долларлық көрсеткіштерінен асып түсті. Сонымен қатар, ел бұл көрсеткішпен Қытайды да артта қалдырды, деп жазады Egemen.kz.