Президенттік бағдарлама
Қоғам • Бүгін, 10:27
Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде Премьер-министр Олжас Бектеновтің «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты көлемді мақаласы жарық көрді. Мақалада Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде ауқымды әрі жүйелі өзгерістер болғаны қамтылған. Үкімет басшысы өскелең ұрпақтың жағдайына да ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.