С.Пономерев
Экология • 26 Қаңтар, 2026
Сергей Пономарев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституцияға азаматтардың табиғатты сақтауға міндетін енгізуді қолдап, бұл бастаманың қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті айқындайтынын атап өтті. Конституциялық комиссияның үшінші отырысында депутат Президенттің «Таза Қазақстан» бағдарламасының экологияны қорғаудың маңызын нақты іс жүзінде көрсеткенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.