Таиландта комаға түскен турист
Қоғам • 20 Наурыз, 2026
Санавиация Таиландта комадан оянған қазақстандықты елге алып келуден бас тартты
Таиландта ауыр хәлге түсіп, комаға түскен турист есін жиды. Алексей Вивтоненко қысқа видеода өзін қолдап, қаржылай және моральдық көмек көрсеткен барша отандастарына алғыс білдірді. Ал оның жақындары науқасты елге жеткізу үшін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан көмек сұрауын жалғастырып жатыр. Алайда бұл өтінішке екі рет бас тарту берілген, деп жазады Egemen.kz.