Тәңірберген ауылдық округінің әкімі
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
36 жастағы ауыл әкімі өз ауылына 345 млн теңге инвестиция тартқан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау бастамасын көтерген еді. Сол уақыттан бері еліміз бойынша 2 334 ауыл әкімі сайланған. Бүкіл билік жүйесінің тірегі саналатын ауыл әкімдерінің ішінде нақты нәтиже көрсетіп жатқандары жеткілікті. Солардың бірі – Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Медет Бекжанов, деп жазады Egemen.kz.