Фараб кітапханасы
Мәдениет • 15 Мамыр, 2025
Түркістанда «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» халықаралық симпозиумы өтті
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, түркі жұртының да сүйікті жазушысына айналған рухани тұлға, көркем сөздің хас шебері, көсемсөзде көшбастаған Мархабат Байғұттың туғанына - 80 жыл. Жазушының мерейтойы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында кең көлемде аталып өтіп жатыр. Мерейтой аясында жыл басынан бері түрлі мазмұнды мәдени-әдеби іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін осындай шаралар легі «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атауымен Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында өтті, деп жазады Egemen.kz.