Шералхан Гүлмира
Білім • 02 Қазан, 2025
Біліміміз бен тәжірибемізді еліміздің жарқын болашағына арнаймыз - Үздік педагог
5 қазан - ұрпақ тәрбиесінің тұтқасын ұстап, білім беру жолын таңдаған ұстаздардың кәсіби мерекесі. Мереке қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-ағарту саласына елеулі үлес қосып келе жатқан майталман мұғалімдерді Ақордада қабылдап, арнайы құрмет көрсетті. Президенттің қолынан мемлекеттік награда алған педагогтер қатарында мектеп мұғалімдерімен бірге колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеп жүрген мамандар да болды. Саланы біртұтас қамтыған марапат мемлекеттің кемелдену жолында оқытудың әр сатысы маңызды екенін анық аңғартқандай, деп жазады Egemen.kz.