Шүкір ШАХАЙ
Руханият • 13 Маусым, 2026
Америкалық фотожурналист Альфред Эйзенштадт «Сіздің ең күшті объективіңіз – көзіңіз» деген екен. Жаны бар сөз. Өйткені сәтті сурет түсіруге қалт жібермейтін қырағылық керек. Тәуелсіздік дәуірінің фотошежіресін суретпен сөйлеткен Шүкір Шахай – сондай қырағы фотожурналистердің қатарында. Себебі оның объективіне іліккен әрбір кадр тұтас бір кезеңнің тынысын танытатын тарихи құжат іспетті.