ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы
Қазақстан • 31 Қазан, 2025
Президенттің жаңа бастамалары ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында айтылды
Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас конференциясының (ЮНЕСКО) 43-ші сессиясында сөз сөйледі. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған Қазақстанды одан әрі жаңғыртудың жаңа қадамдары Е.Қарин баяндамасының негізгі өзегі болды, деп хабарлайды Egemen.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.