ветеринария мамандары
Мереке • 10 Шілде, 2025
Ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды
Астанада Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған кәсіби мереке 2024 жылы мемлекеттік деңгейде бекітіліп, ветеринариялық қызметтің қоғамдық денсаулықты сақтау, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудағы маңызды рөлін атап көрсету мақсатында белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.