жаңа онлайн платформа
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Жаңа цифрлық ресурс салымшыларға инвестициялық портфельдерді талдауға, басқарушы компанияларды салыстыруға және өз жинақтарының қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Платформа зейнетақы жүйесіндегі ашықтықты арттыруға және халықтың қаржылық сауатын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.