кіріс сомасы
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады
2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарды қоса алғандағы кезеңде ел тұрғындарының зейнетақы жинақтарына есептелген инвестициялық кіріс көлемі шамамен 2,28 трлн теңгені құрады. Осы уақыт аралығындағы кірістілік 9,74% болды. Бұл көрсеткіштер Ұлттық банктің зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметі нәтижесінде қалыптасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Зейнетақы қоры соңғы 11 жылда 13 трлн теңге табыс тапты
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтері «БЖЗҚ» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) шоғырландырылған 2014 жылдан бергі жинақталған таза инвестициялық кіріс 13,60 трлн теңгеге тең. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда 42,3% жетті. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда инвестициялық қызметтің елеулі орын алатынын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz зейнетақы қорының ресми сайтына сілтеме жасап.