маркетплейс
Бизнес • 26 Ақпан, 2026
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
2025 жылы отандық маркетплейстер бюджетке 216,1 млрд теңге аударды. Бұл барлық шетелдік интернет-компаниялар төлеген салықтың жалпы сомасынан (57,7 млрд теңге) шамамен төрт есе көп. Ranking.kz зерттеуіне сәйкес, мұндай ауқымды айырмашылық жергілікті алаңдардың толыққанды салық резиденті ретінде жұмыс істеуіне байланысты. Ал шетелдік алпауыттар көбіне ең төменгі міндетті төлемдермен шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
Шетелдік маркетплейстерде сауда жасау: ел азаматтары үшін не өзгереді?
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап ел азаматтарының шетелдік маркетплейстерден сатып алатын тауарына қатысты жаңа кедендік ережелер қолданылады. Мәселен, сатып алынған тауардың құны 200 еуродан асса, ҚҚС-тан бөлек 5% кедендік баж төлеу талап етіледі, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2025
Маркетплейстердегі тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеу ережесі реттелмек
Аталған бөліп төлеу ережесі – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (КНРДА) тарапынан реттеледі. Бұл туралы LS тілшісіне берген сұхбатында КНРДА төрағасы Мадина Әбілқасымова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2025
Маркетплейстер тұтынушылардың құқығын шектеп отыр - Н.Байтілесов
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Н.Байтілесов елімізге заңсыз кіретін тауарлардың адал кәсіпкерлер мен мемлекет мүддесіне зиян келтіріп отырғаны туралы мәселе көтерді. Ол Премьер-Министрінің орынбасары С. Жұмангаринге қарата жолдаған депутаттық сауалында қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасы дәстүрлі бөлшек саудаға бағытталғанын, онлайн-алаңдағы заңсыздықтарға қауқарсыз екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2025
Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі
Бүгін Үкімет отырысында сауда және интеграция министрлігі шетелдік онлайн-дүкендердің қызметін қайта қарау бастамасын көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 29 Қараша, 2024
Қарағандыда жаңа маркетплейс жұмысын бастады
Қарағандыда жаңа Teez маркетплейсі өз жұмысын бастады. Оның негізгі артықшылығы - тапсырыстарды бір күн ішінде жеткізу. Тапсырыс беру пункттері елдің 24 өңірінде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2022
Шетелдік компаниялардан 6,1 млрд теңге салық түсті
Жыл басынан бері ғаламторда қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауарларды сататын шетелдік сауда алаңдары қосылған құн салығын немесе GOOGLE салығын төлеуі керек, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.