негізгі басымдықтар
Білім • Бүгін, 09:30
Педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттері ашылады
Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, сондай-ақ салалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.