орын тапшы
Білім • Бүгін, 11:33
Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Астана қаласында үй маңайындағы мектепке баланы орналастыру оңай емес. Білім ордасы алдымен тұрғылықты мекенжайдан тіркеу сұратады. Мұқият тексерістен өткен соң, бала сыныптағы 30-дан аса оқушының қатарына қосылады. Қазір көп мектептегі жағдай – осы. Мектептерде орын тапшы. Жалпы былтырғы оқу жылында 20 мыңнан аса балаға орын жетіспеушілігі сезілген. Бүгінде 1 200 орындыққа арналған білім ордаларында 4 мыңға жуық бала оқиды. Жыл сайын жаңа мектептердің саны артқанымен бұл мәселені толық шеше алмай отыр. Осы мәселеге қатысты Egemen.kz тілшісі қалалық білім басқармасына хабарласқан болатын.